Астанада құны 346 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару департаментінің Астана қаласы бойынша Есіл ауданы әкімдігінің хаттамасы негізінде ЖШС-нің жер учаскесін ұзақ уақыт пайдаланбауы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ауыл шаруашылығымен айналысуға арналған жер учаскесінің аумағы 6,4862 га құрайды.
Тексеру нәтижесінде ҚР Жер кодексінің 92-бабын бұзу фактісі расталды.
Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен департаменттің талап арызы қанағаттандырылды, сот шешімі заңды күшіне енді.