Әртүрлі

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

26 тамызда Қазақстанның бірқатар аймағында ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Мамандардың болжамынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, тұман түсуі ықтимал.

Синоптиктер Астанада 26 тамызда найзағай ойнайды деп болжап отыр. 

Алматы облысында да күн күркіреп, желдің екпіні 18 м/с жетуі мүмкін. 

Ертең Ақмола облысында да күн күркірейді. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. 

 Қарағанды облысында найзағай ойнап, тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде аса жоғары өрт қаупі сақталады. 

Жетісу өңірінде де жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қостанай облысында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. 

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Бұл ретте Шығыс Қазақстан облысында әлі де найзағай ойнайды деп болжанып отыр.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Абай облысында да күн күркірейді. Өңірде жоғары өрт қаупі болады. 

26 тамызда Ұлытау облысында тұман күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі болуы мүмкін.

Синоптиктердің болжамынша, Атырау облысында төтенше өрт қаупі 28 тамызға дейін сақталады. Қызылорда, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі болуы ықтимал.