Астанада криптовалютаны 7 млрд теңгеге заңсыз ауыстырғандар сотталды
Астанада криптовалютаны заңсыз саудалаған екі адам сотталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қалалық прокуратураның мәліметінше, олар «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасына тіркелмеген. Лицензиясыз кәсіпкерлікпен айналысқан. Осылайша, 7 млрд теңгені заңсыз жолмен айырбастаған.
Енді қылмыстық жолмен келген табыс мемлекетке қайтарылуы тиіс.
Еске салсақ, кеше биткоин құны алғаш рет 100 мың АҚШ долларынан асты.