Әртүрлі

Астанада қоғам белсенділері мен еріктілер 100 қап қоқыс жинады

Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы әр апта сайын ұйымдастырылатын «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын жалғастырады, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгін «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Астраханское» тас жолының маңы қоқыстан тазартылды.

«Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» БПҰ-ның, Сарыарқа ауданы әкімдігінің, «AMANAT» партиясының өкілдерінен, «Жастар Рухы» жастар қанатының еріктілері мен қоғам белсенділерінен тұратын 400 адамға жуық топ Астана қаласының айналма жолы маңынан 100 қаптан астам қоқыс жинады.

Сондай-ақ, «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы жанынан қалалық экологиялық жағдайды бақылауда ұстау үшін 5 мобильді топ құрылды. Әр мобильді топ құрамында Экологиялық кеңес мүшесі, Мәслихат депутаты, Аудандық партиялық филиалдарының Төрағалары, Аудандық Атқарушы хатшылары, Партиялық Бақылау комиссиясының мүшелері, партияның белсенді мүшелері бар.

Жалпы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында «AMANAT» партиясы 5 бағыт бойынша жұмыс бастады:

экология саласына қатысты заң шығару;

өңірлерде ластанған аумақтардың картасын жасай отырып, «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын ұйымдастыру;

«Астана-Алматы» тас жол бойындағы аумақты тазартуға арналған «Таза Қазақстан» road-эстафетасы;

тарихи, мәдени және табиғи мұраны вандализм әрекетінен қорғауға арналған қоғамдық науқан;

жасыл волонтерлік – экологиялық волонтерлер қозғалысын құру.

Экологиялық мәселелерді шешу – «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылған маңызды басымдықтың бірі. Сайлауалды уәделерді жүйелі жүзеге асыру жұмысы аясында былтыр мемлекеттік орман қоры аумағына 302,7 млн түп ағаш егілді. Сонымен қатар, 39 ірі өнеркәсіптік кәсіпорында ауаны ластауын бақылайтын автоматтандырылған жүйе орнатылды.

-->