Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 800-ден астам шетелдік елден шығарылды
Бұл туралы Астана қаласы ПД КҚҚБ бастығы, полиция подполковнигі Ербол Махметов қалалық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
2020 жылдың басынан бастап шетелдіктерді полиция бөлімінде тіркеу алынып тасталды.
Шетелдікке келу, тұру және уақытша тұруға рұқсатты тіркеу туралы хабарлауға барлық жауапкершілік қабылдаушы жеке және заңды тұлғаларға жүктеледі.
Өз кезегінде, шетелдікті қабылдаушы тараптар үш жұмыс күні ішінде көші-қон қызметіне шетелдіктің болуы туралы хабарлауға міндетті (көші-қон қызметіне электрондық цифрлық кілттің көмегімен визалық көші-қон порталы арқылы хабарлауға болады немесе Е-конак ақпараттық жүйе бойынша).
Көрсетілген ережелер бұзылған жағдайда қабылдаушы тұлға 518-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Осыған байланысты, шетелдіктерді қабылдайтын жеке және заңды тұлғалардан, оларға келген шетелдіктер туралы хабарламаны уақытында беруді сұраймыз, - деді ПД КҚҚБ бастығы Ербол Махметов.
Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді жақсарту бойынша шаралар қабылдануда.
Бүгінде халыққа қызмет көрсету орталығында немесе үй компьютерінен ғана емес, сонымен қатар ұялы телефоннан немесе планшеттен «Мобильді үкімет» қызметін (Egovmobile) немесе Каспий, Халық мобильді қосымша бойынша пайдаланып тіркеуге болады.
Осы жылғы 9 айда тұрғылықты жері бойынша 154 мың 350 адам тіркелген, 55 мың 735 адам тіркеуден шығарылды.
Жеке басын куәландыратын құжаттарды беру механизмі жақсарды.
ПД КҚҚБ бастығының айтуынша, биылғы 9 айда 178 мың 906 паспорт пен жеке куәлік әзірленді және берілді.
Құжаттарды дайындауға кететін уақыт мүмкіндігінше қысқартылды (жалпы тәртіпте – 20 жұмыс күні, жеделдетілген тәртіпте 1 және 3 жұмыс күнін құрайды).
Сонымен қатар Мемлекеттік корпорациямен бірлесе отырып, өз бетінше қозғалу мүмкіндігінен айырылған мүмкіндігі шектеулі 185 азамат үйлерінде құжаттандырылды.
Заңсыз құжаттаудың әрбір әрекетін қызметкерлер тексереді және бұл мүмкіндікті жою үшін шаралар қабылданады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден басқа, көші-қон қызметінің қызметі тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, заңсыз көші-қонды анықтау мен жолын кесуге бағытталған.
Қабылданған шаралар нәтижесінде көші-қон заңнамасы бұзылуының 10 761 фактісі анықталды. 839 шетел азаматы елден тысқары жерлерге шығарылды, - деді ол.