Әртүрлі

Астанада еңбек сіңірген мұғалімдер сенбілікке шықты

Астана қаласының еңбек сіңірген педагогтары мен білім беру мекемелерінің қызметкерлері ауқымды экологиялық акцияны қолдап, сенбілікке қатысты, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық науқан жалғасуда. Осы апта «Киелі мекен» ұранымен өтіп жатқан экоакция тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстарына арналған. Астана педагогтары Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыевпен бірлесіп, мұғалімдер скверінің аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. 

Экологиялық акцияға елорданың 30-ға жуық оқытушысы қатысты. Солардың бірі –  №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі және «Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі» атағының иегері Айгүл Ержанова. 

Айта кетейік, «Таза Қазақстан. Астана-тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акция аясында елорданың барлық білім беру ұйымдарында танымдық іс-шаралар, эко-жобалар, кездесулер, конкурстар, челлендждер өтуде.

Естеріңізге сала кетейік, осы апта «Киелі мекен» деп аталады және тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналған.

Елордада барлық тұрғындардың күшімен Мәдени мұра нысандарының, ескерткіштер мен оларға іргелес аумақтардың қасбеттерін ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.

«Жасыл аймақ» деп аталатын үшінші аптада ағаш отырғызуға, екпелерді ақтауға арналады.

4 мамырға дейінгі кезең "Өнегелі ұрпақ" деп аталады және ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазалауға және абаттандыруға арналады.

Соңғы, бесінші аптада «Мөлдір бұлақ» деп аталатын су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.

-->

Бүгін біз Астана қаласының педагогтары үшін қалалық сенбілік ұйымдастырдық. Оған шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтар, үздік мұғалімдер мен жас мамандар қатысуда. Мұғалімдер алаңының аумағында абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жыл сайын жазғы уақытта Астана қаласының оқытушылары мен оқушылары үшін түрлі іс-шаралар өткізіледі, - деп атап өтті қалалық Білім басқармасының әдістемелік орталығының бөлім басшысы Райгүл Әмірхамзина. 

Экологиялық акцияға елорданың 30-ға жуық оқытушысы қатысты. Солардың бірі –  №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі және «Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі» атағының иегері Айгүл Ержанова. 

Бүгін біз республикалық экологиялық акцияға қатысып жатырмыз. Бұл біздің оқушыларымыз бен ұрпақтарымызға үлгі болады деп сенемін, өйткені барлық мұғалімдердің міндеті – білім беру ғана емес, сонымен бірге тәрбиелеу, табиғат пен Отанға деген сүйіспеншілікті ояту, - деді ол.