Астанада діни материалдарды таратумен айналысқан шетелдік ұсталды
Астана полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының 31 жастағы азаматын қолға түсірді, деп хабарлады Elorda.info.
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында шетелдік азамат ұсталды. Ер адамға діни мазмұндағы материалдарды заңсыз жасағаны, сақтағаны, әкелгені және таратқаны үшін іздеу жарияланған.
-->«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында шетелдік азамат ұсталды. Ер адамға діни мазмұндағы материалдарды заңсыз жасағаны, сақтағаны, әкелгені және таратқаны үшін іздеу жарияланған.
Қазіргі уақытта ол қамауға алынды. Экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр, - деді Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.