Әртүрлі

Демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Елордада қала мен ел өңірлерінің тауар өндірушілерінің қатысуымен демалыс күнгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмысын жалғастыруда, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты мәлімдеді.

Жәрмеңке өтетін орын елорданың Сарыарқа ауданында Б. Соқпақбаев көшесі, 21 мекенжайында орналасқан. Оған  Ақмола, Абай және Түркістан облыстарының жеке кәсіпкерлері қатысады.

Тауар өндірушілер өнімдердің кең ассортиментін ұсынады: көкөністер, жемістер, ет, сүт өнімдері және т.б.

Жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді, - деп жазылған хабарламада.

-->