Әртүрлі

Бауыржан Момышұлы даңғылының учаскесі жабылады

Р.Қошқарбаев даңғылынан Қ.Сәтбаев көшесіне дейінгі учаскедегі Б.Момышұлы даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты мәлімдеді.

Соған байланысты  8 маусымы күні сағат 20:00-ден бастап, 30 маусымға дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы тараптардың бірі бойынша бір бағытта жүзеге асырылады. Жұмыстарды кезең-кезеңмен жүргізу жоспарлануда: 1 кезең - Р.Қошқарбаев даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін. 2 кезең – Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Сәтпаев көшесіне дейін.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұрайды.

-->