Астанада заңсыз автонесие рәсімдеген алаяқтар ұсталды
Алаяқтар азаматтарды алдап, заңсыз автонесие рәсімдеген. Сондай-ақ, кепілде тұрған көліктерді иелерінің және екінші деңгейлі банктердің келісімінсіз жақын шетелдерге сатып жіберіп отырған, деп хабарлады Elorda.info ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында елордалық полиция алаяқтыққа қатысы бар үш күдіктіні анықтады. Олардың кесірінен 115 азамат жапа шеккен.
Келтірілген залал көлемі шамамен 1,6 млрд теңгені құрады.
-->
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында елордалық полиция алаяқтыққа қатысы бар үш күдіктіні анықтады. Олардың кесірінен 115 азамат жапа шеккен.
Келтірілген залал көлемі шамамен 1,6 млрд теңгені құрады.
Осы адамдардың қылмыстық әрекетінен зардап шеккен болсаңыз немесе іске қатысы бар мәліметпен бөліскіңіз келсе полицияға хабарласуға болады, - деді ведомствоның баспасөз қызметі.