Әртүрлі

Астанада атом энергетикасына қатысты мәселелер талқыланды

KazAtomExpo Халықаралық ядролық технологиялар көрмесі аясында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және оның Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі мәселелеріне арналған пленарлық сессия өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Талқылауға саланың жетекші сарапшылары, Ұлттық ядролық орталық, Ядролық физика институты, Ядролық технологиялар паркі және «Байтақ» жасылдар партиясы сияқты негізгі ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Көрменің екінші күнін ашқан ҚР Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры Ғұмар Серғазин қатысушыларға отандық энергетиканың болашағына саналы көзқарасын қалыптастыруда жаһандық жеткізушілердің озық технологияларымен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.

«Бұл көрменің Қазақстан үшін маңызы ерекше. Біз тек технологиялық жетістіктерді көрсетіп қана қоймаймыз, сонымен қатар болашақтың қиындықтарын жеңуге көмектесетін білім мен идеялармен бөлісеміз. Таза энергияны дамыту және енгізу әлем климатын өзгеруінің жаһандық қаупіне тиімді қарсы тұруын қамтамасыз етудің кілті болып табылады», - деді Ғ.Сергазин.

Сессияға қатысушылар ядролық технологиялардың қауіпсіздігіне, атом энергетикасының экологиялық тұрақтылығына және оның орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесіне қатысты көптеген мәселелерді талқылады. Басты назар келесі тақырыптарға аударылды:

- Ядролық технологиялардың қауіпсіздігі: сарапшылар ядролық объектілердегі заманауи қауіпсіздік жүйелерін, халықаралық стандарттар мен Қазақстанның ядролық қауіпсіздік саласындағы тәжірибесін қарастырды.

- Атом энергетикасының экологиялық тұрақтылығы: қатысушылар радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, ядролық қондырғыларды залалсыздандыру және пайдаланудан шығару мәселелерін талқылады.

- Көміртегі бейтараптығына қол жеткізудегі атом энергетикасының рөлі: төмен көміртекті энергия көзі ретінде атом энергетикасын дамыту перспективалары және оның Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесі талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, 27 тамызда Үкімет Қазақстанда атом электр станцияларын салу бойынша республикалық референдум өткізу туралы қаулы қабылдаған болатын.