Әртүрлі

Елордада қарақшылық жасаған шетелдік азамат Испанияда ұсталды

Аликанте қаласында Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша елорда аумағында қарақшылық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған Ресей азаматы ұсталды. Бұл туралы Elordainfo.kz POLISIA.KZ-ке сілтеме жасап хабарлады.

Қарақшылықпен айналысқан бір топ адам 2016 жылы бөтеннің үйіне заңсыз кіріп, күш көрсетіп, 4 млн теңгеден астам сомаға бағаланған мүлікті тартып алған.

«Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда. Оны елге жеткізу мәселесі шешілуде», - делінген хабарламада.