Астанада апатты үйлердің тұрғындарына 3 мың пәтер салынады
Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.
-->Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Баспана мәселесі – тұрғындарымыздың басты проблемаларының бірі. Бұл қиындықты шешу үшін: әлеуметтік тұрғын үй саламыз, апатты жағдайдағы ескі тұрғын үйлерден көшіреміз, құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендерінің құрылысын аяқтаймыз және т.б. Апатты жағдайдағы тозығы жеткен үйлерден 330-ға жуық отбасы жаңа тұрғын үй кешеніне қоныс аударды. Олар – апатты күйдегі 18 үйдің тұрғындары. Жыл соңына дейін тағы екі апатты үйдің тұрғындарын көшіруді жоспарлап отырмыз. Апатты үйлердің тұрғындары үшін алдағы үш жылда 2,5 мыңнан 3 мыңға дейін пәтер салуды жоспарлап отырмыз, - деді Жеңіс Қасымбек.