Әртүрлі

Астанада қайда коньки тебуге болады?

Елордада қысқы демалысты көңілді өткізуге арналған түрлі ойын алаңдары баршылық. Қыс ауасында қала тұрғындары бос уақытында шаңғы теуіп, шанамен сырғанап демаласын тиімді өткізуге мүмкіндіктер қарастырылған. Осы орайда Elorda.info қаламызда коньки тебуге арналған мұз айдындары туралы деректерді оқырмандарға ұсынады.

1.Mega Arena

Мекенжайы: Mega Silk Way ойын-сауық орталығы.

Жұмыс уақыты: күнде таңғы сағат 10:00 мен  кешкі 22:00 дейін, арасында техникалық үзілістер бар.

Бағасы: конькиді жалға алу бір сағатқа- 1300 теңге. 

Қосымша ақпарат: Мұз айдынында ақылы нұсқаушы қызметі бар. Сонымен қатар көмекші құралдарды жалға алуға болады. 

2.Алау мұз айдыны 

Мекенжайы: Кабанбай батыр көшесі, 47

Жұмыс уақыты: жұмыс күндері(дүйсенбіден басқа) – сағат кешкі 19.00 бастап  23:00 дейін . Демалыс күндері сағат 12:00 бастап 23:00 дейін.

Кіру бағасы: жұмыс күндері– 1500 теңге, балаларға – 1000 теңге. Демалыс күндері кіру құны 1800 теңге, сағат 15:00-ден кейін кешкі 23:00-ге дейін 2000 теңге. Балаларға – 1500 теңге. 6 жасқа дейінгі балаларға тегін.  12 жасқа дейінгі балалар тек ересектермен бірге кіргізіледі. Конькиді жалға алу ересектерге 2000 теңге, балаларға 1000 теңге. 

Қосымша ақпарат: конькиді жалға алу үшін кепілдікке 10 мың теңге немесе бағалы зат тастау қажет. I және II топтағы мүгедектерге және 17 жасқа дейін көпбалалы отбасынан шыққан балаларға тегін, бірақ ересек адам жанында болуы қажет. 

3.ЭКСПО алаңы

Мекенжайы: Мәңгілік Ел, 53/1 EXPO алаңы.

Жұмыс уақыты: жұмыс күндері 12:00-23:00 аралығында, демалыс күндері таңғы 10:00 бастап кешкі 23:00 дейін.

Бағасы: 1 сағат -500 теңге, өз конькиіңіз болса тегін

Қосымша ақпарат: мұз айдынының аумағында жылы киім ауыстыратын бөлме, конькиді жалға алу, тамақтану орындары жұмыс істейді. 

4. Орталық алаң

Мекенжайы: Кенесары және Мәмбетов көшелерінің қиылысы. 

Жұмыс уақыты: сағат 11:00 бастап түнгі 01:00 дейін. 

Бағасы: конькиді жалға алу сағатына -1500 теңге, өз конькиіңіз болса тегін.

Қосымша ақпарат: мұз айдыны қаланың оң жағалауына тұратын тұрғындар үшін қысқы көңіл күйді сезінуге мүмкіндік береді. Алаң керемет безендірілген,тіпті  фотоаймақтар да бар.

5. Триатлон парк

Мекенжайы: Бауыржан Момышұлы және Сарайшық көшелерінің қиылысы. 

Жұмыс уақыты: сағат 11:00 бастап түнгі 00:00 дейін. 

Бағасы: сағатына 1500 теңге.

Қосымша ақпарат: мұз айдыны жанында киім ауыстыратын және конькиді жалға алуға болатын бөлмелер жұмыс істейді.

Сонымен қатар елордада  Ататүрік, Жерұйық және Көктал саябақтарында, Қазақ елі монументі алаңында да қала тұрғындары мен қонақтары коньки тебе алады. 

-->