Астанада 900-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталды
16 қыркүйек пен 1 қараша аралығында елорда аумағында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Үш күн ішінде учаскелік инспекторлар 2 мыңнан астам жалға берілетін пәтер мен 300-ге жуық саяжай үйін тексерді. Тұрақты мекенжайы жоқ 50 адам ұсталды. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 33 кәмелетке толмаған бала жауапкершілікке тартылды. Балаларын тәрбиелеу міндеттерін орындамаған 15 ата-ана жауапқа тартылды, - делінген хабарламада.
Іс-шара барысында ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған бір мыңнан астам адам тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерілді.
Барлығы 890 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде 43 жағдай отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастарға қатысты.
Қазақстанда тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін 358 адам жауапкершілікке тартылды.