Астанада 9-сынып оқушылары өзге балаларға буллинг жасаған
Астанадағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушылары өзге білім алушыларды соққыға жыққан, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Әлеуметтік желіде пайда болған бұл туралы видео Астана полициясының назарына ілікті.
Instagram-дағы Astana_press парақшасында оқыс оқиғаның Астанада Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясында болғаны хабарланған.
«Осы дерекке сәйкес оқиғаға қатысы бар 9-сыныптың барлық оқушысы анықталды. Олардан ата-анасының көзінше жауап алынды. Қазір істің мән-жайы анықталуда. Соның нәтижесі бойынша оқушылардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі», - деді Астана қаласы Алматы аудандық полиция басқармасындағылар.