Астанада 3 бала лифт ішінде қалып қойған
Елордалық құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған балаларға көмекке барды, деп хабарлады Elorda.info.
-->
«Астананың көпқабатты тұрғын үйлерінің бірінде 3 бала лифт ішінде қалып қойды. Шақыру орнына келген құтқарушылар гидравликалық құралдардың көмегімен лифт есігін ашып, балалардың шығуына көмектесті. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады», - деп жазылған ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.