Әртүрлі

Астана-Теміртау ақылы жолының төлем пунктінде көлік өртенді

Астана-Теміртау ақылы жолының төлем пунктінде «Газель» көлігі өртенді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оқиға бүгін таңертеңгі уақытта болған. Астана-Теміртау ақылы учаскесінің Жібек Жолы төлем алу пунктінде көліктен өрт шықты.

«Төлем алу пунктінің мамандары өртті байқап, оны ауыздықтау үшін шұғыл шаралар қабылдады. Абырой болғанда жапа шеккендер жоқ. Өрт қысқа уақыттың ішінде сөндірілді», - деді «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.