Әртүрлі

Астана тұрғыны мас күйінде көлікті ұрлап, басқа қалаға кетіп қалған

Астанада мас азамат көлікті айдап кеткен. Жергілікті тұрғын құқық қорғау органдарына көлігінің ұрланғаны жөнінде шағымданды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Байқоңыр аудандық криминалдық полиция қызметкерлері Nexia автокөлігін айдап кеткен 31 жастағы жас жігітті ұстады. Ол іздеуде болған автокөлікті мас күйінде айдап кеткен.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, ұсталған азамат көршілес көпқабатты үйдің ауласында тұрған артқы есігі құлыпталмаған шетелдік көлікті ұрлап кеткен.

«Ашық тұрған көлікке мініп, Қарағанды қаласына қарай жол тартқан.

Ер адам өз кінәсін мойындады. Осы фактіге қатысы бар адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жедел уәкілдер заттай айғақты тәркілеп, көлікті иесіне қайтарды», - делінген хабарламада.

Астана қаласы Полиция департаменті автокөлік иелеріне көліктерін күзетілетін тұрақтарға қоюға, ұрлықты болдырмау және көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дабыл жүйесін орнатуды ұсынады.