«Астана-Семей» бағыты бойынша қатынайтын вагондар жаңартылды
«Астана – Семей» бағытында қатынайтын N121/122 жолаушылар пойызының құрамы жаңартылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Көлік министрлігі отандық вагондар паркін жаңартуды жүйелі түрде жалғастыруда.
«Арай Транс KZ» ЖШС жеке тасымалдаушысы үш жаңа жолаушылар вагонын сатып алды. Вагондар ауаны баптау жүйесімен, био-дәретхана кешендерімен, USB коннекторы бар гаджеттерді зарядтауға арналған розеткалармен және т. б. жабдықталған.