Астана-Самарқанд бағыты бойынша жаңа әуе рейсі ашылды
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Qazaq Air әуекомпаниясы «Астана – Түркістан – Самарқанд» халықаралық жаңа әуе рейсін іске қосты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Отандық әуекомпанияның мәліметінше, жаңа тұрақты әуе рейсі екі ел арасындағы туризмді дамытуға серпін бермек.
Аталған бағыт бойынша ұшақтар аптасына екі рет, яғни бейсенбі және жексенбі күндері рейс орындайды.