«Астана – Париж 2024: фокуста гандиспорт және Паралимпиада ойындары» көрмесі ашылды
Елордада Францияның ұлттық мерекесіне орай және Парижде Олимпиада ойындарының ашылуына екі апта қалғанда «Астана – Париж 2024: фокуста гандиспорт және Паралимпиада ойындары» көрмесі ашылды, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Көрменің ұйымдастырушылары – Францияның Қазақстандағы елшілігі, ҚР Ұлттық паралимпиада комитеті, Астана әкімдігі, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық даярлау орталығы.
«Астана – Париж 2024: фокуста гандиспорт және Паралимпиада ойындары» фотокөрмесі Атырау көпірінде 14 тамызға дейін өтеді. 50-ге жуық фото туынды гандиспор мен Олимпизм құндылықтарына – шеберлікке, өзара сыйластық пен достыққа арналған.
Дидье Канесс Париждегі Паралимпиада ойындарында 4 500-ден астам спортшы 22 спорт түрінен бақ сынайтынын айтты.
Спорт басқармасы өкілі Марат Қасқырбаев көрменің тұсаукесерінде Қазақстан атынан спорттың 8 түрі бойынша 32 паралимпиадашы қатысатынын айтты.
Көрме екі бөлімнен тұрады. Біріншісі қазақстандық пара-чемпиондар портретінің сериясын ұсынады, олардың кейбірі 2024 жылғы 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Париждегі Паралимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғайтын болады.
Портреттерді 2024 жылдың мамыр айында Астана мен Таразда екі танымал кәсіби фотограф – француз Дидье Эшлар мен қазақстандық Әли Оспан . Әрбір фотосурет видео сұхбатпен бірге жүреді. Кәсіби спортшылардың немесе әуесқой спортшылардың жолы туралы көбірек білу үшін QR код пайдалану қажет.
Көрменің екінші бөлімі ірі халықаралық жарыстар кезінде түсірілген жиырма фотосуреттен тұрады. Онда әртүрлі паралимпиадалық спорт түрлері, сондай-ақ қозғалыстағы француз және қазақстандық спортшылар бейнеленген.
Парадзюдодан екі дүркін әлем чемпионы Ақмарал Науатбектің анасы Роза Бужигитованың айтуынша, көрме нағыз қажет уақытта өтіп жатыр.
-->Көрменің ұйымдастырушылары – Францияның Қазақстандағы елшілігі, ҚР Ұлттық паралимпиада комитеті, Астана әкімдігі, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық даярлау орталығы.
«Астана – Париж 2024: фокуста гандиспорт және Паралимпиада ойындары» фотокөрмесі Атырау көпірінде 14 тамызға дейін өтеді. 50-ге жуық фото туынды гандиспор мен Олимпизм құндылықтарына – шеберлікке, өзара сыйластық пен достыққа арналған.
Бүгін Бастилия күні, Франция үшін тарихи күнде біз бұл көрме арқылы жұрт назарын мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау мәселесіне аударамыз. Қазақстанның Паралимпиада спортшыларына сәттілік тілеймін! Сіздерге француздар да қолдау көрсететінін естен шығармаңыздар, - деді Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесс.
Дидье Канесс Париждегі Паралимпиада ойындарында 4 500-ден астам спортшы 22 спорт түрінен бақ сынайтынын айтты.
Спорт басқармасы өкілі Марат Қасқырбаев көрменің тұсаукесерінде Қазақстан атынан спорттың 8 түрі бойынша 32 паралимпиадашы қатысатынын айтты.
Біздің спортшылар лайықты өнер көрсетеді деп сенеміз. Токиода өткен ойындарда біздің паралимпиадалық құрама 5 медаль жеңіп алды, бұл жолы одан да көп болады деп үміттенеміз, - деді Марат Қасқырбаев.
Көрме екі бөлімнен тұрады. Біріншісі қазақстандық пара-чемпиондар портретінің сериясын ұсынады, олардың кейбірі 2024 жылғы 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Париждегі Паралимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғайтын болады.
Портреттерді 2024 жылдың мамыр айында Астана мен Таразда екі танымал кәсіби фотограф – француз Дидье Эшлар мен қазақстандық Әли Оспан . Әрбір фотосурет видео сұхбатпен бірге жүреді. Кәсіби спортшылардың немесе әуесқой спортшылардың жолы туралы көбірек білу үшін QR код пайдалану қажет.
Көрменің екінші бөлімі ірі халықаралық жарыстар кезінде түсірілген жиырма фотосуреттен тұрады. Онда әртүрлі паралимпиадалық спорт түрлері, сондай-ақ қозғалыстағы француз және қазақстандық спортшылар бейнеленген.
Парадзюдодан екі дүркін әлем чемпионы Ақмарал Науатбектің анасы Роза Бужигитованың айтуынша, көрме нағыз қажет уақытта өтіп жатыр.
Әрбір қазақстандық Олимпиаданы күтіп жүреді және спортшыларымызға жанкүйерлік етеді. Бұл көрмеге келгеніміз – паралимпиадалық спортшыларымызға көрсеткен қолдауымыз. Оларға тек жеңіс тілейміз, - деді Роза Бужигитова.