Әртүрлі

«Астана Опера» солистері қыз-келіншектерге жылы лебізін білдірді

«Астана Опера» театрының солистері 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен қазақстандық аруларды құттықтады, деп хабарлады Elorda.info

Өнер иелері жылы лебізін білдірді. 

-->

Құрметті қыз-келіншектер, жеңгелер, апалар. Сіздерді жан-жадыратар әйелдердің Халықаралық  мерекесімен құттықтаймын. Нәзікжандылар, сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, мөлдір махаббат тілеймін, - деді «Астана Опера» театрының солисі Болат Есімханов. 

Өнер иелері жылы лебізін білдірді. 

 Көктемнің құлпырған, сұлулық пен әсемдіктің мерекесімен барша аруларды құттықтаймын. Әр күндеріңіз қуанышқа, махаббатқа, қамқорлықпен күлкіге толы болсын. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. 

Ойлаған мақсат-армандарыңызға жете беріңіздер. Көктемнің құлпырған гүліндей әрқашанда жайнап, жарқырап күлімдеп жүре беріңіздер. 

Барша аруларды 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын, - деді «Астана Опера» театрының жас солисі Әлихан Зейнолла.