Әртүрлі

Астана халықаралық әуежайының басшылығы мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларда пайда болған әуежайда күрделі жөндеудің болмайтындығы туралы ақпараттың БАҚ-та таралуына байланысты, елорда әуежайы мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elorda.info.

1 мамырдан бастап Астана қаласының әуежайында _("Mabetex Group")_ бас мердігерімен бірлесіп ұшу-қону жолағында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шаралар басталды.

Осыған байланысты Астана халықаралық әуежайындағы авиарейстер кешкі 10-нан таңғы 6-ға дейін орындалмайды. «Қазаэронавигация» РМК арқылы күрделі жөндеуге байланысты әуеайлақта енгізілетін шектеулер туралы NOTAM электронды хабарламалары жіберілді. Бұл ретте жалпы шешімге қол жеткізуде қолдау көрсеткені үшін авиакомпанияларға алғысымызды білдіреміз.

Әуежайдың қолданыстағы ұшу-қону жолағы 20 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілгенін және ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізу сенімгерлік басқару кезеңінде инвестордың бірінші кезектегі міндеті болғанын атап өткен жөн.

Әуежай әкімшілігі әрбір жолаушы мен отбасының саяхатын қауіпсіз әрі жайлы етуді жалғастыруда.

Рейстер кестесінің өзгеруіне байланысты осы уақытта жолаушылар ағыны 2 есеге ұлғаяды. Сондай-ақ, елорда әуежайы жолаушыларының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін ұшу алдындағы тексеру аймақтарын ұлғайтты. Бұл ретте ұшу алдындағы тексеруде шамадан тыс жолаушылар ағыны және вокзал маңындағы тұрақта көлік саны ұлғаюы мүмкін.

Әуежай басшылығы әуежай аумағында және терминалдарда жолаушыларды тәулік бойы ақпараттық қолдау үшін персоналды тағайындады.

Қазіргі уақытта әуежай жолаушыларды қабылдау қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін анықтау мақсатында алдағы 30 жылға арналған Бас жоспарды қайта қарауда. Бұл өзгерістер Астана әуежайында биометриялық деректер мен технологияларды кеңінен қолдануды, жүк тасымалдаудың жаңа стратегиясын әзірлеуді және әуежайды арнайы экономикалық аймақ құра отырып, өз санатындағы әлемдегі ең үздік 10 әуежайдың қатарына қосуға бағытталған зерттеулерді қамтиды.

-->

Асфальтбетон жұмыстарын жүргізу үшін бас мердігер Астана, Ақтөбе, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Талдықорған, Орал және Петропавл қалаларының әуежайларында әуеайлақ жабындарын қайта жаңартуда тәжірибесі бар «К-Дорстрой» АҚ компаниясын жұмысқа тартты. Бүгінгі таңда объектіде инженерлік-геодезиялық ізденістер жалғасуда, сонымен қатар арнайы техника тартылып, инертті материалдар жеткізілуде, - делінген хабарламада.

Осыған байланысты Астана халықаралық әуежайындағы авиарейстер кешкі 10-нан таңғы 6-ға дейін орындалмайды. «Қазаэронавигация» РМК арқылы күрделі жөндеуге байланысты әуеайлақта енгізілетін шектеулер туралы NOTAM электронды хабарламалары жіберілді. Бұл ретте жалпы шешімге қол жеткізуде қолдау көрсеткені үшін авиакомпанияларға алғысымызды білдіреміз.

Әуежайдың қолданыстағы ұшу-қону жолағы 20 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілгенін және ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізу сенімгерлік басқару кезеңінде инвестордың бірінші кезектегі міндеті болғанын атап өткен жөн.

Әуежай әкімшілігі әрбір жолаушы мен отбасының саяхатын қауіпсіз әрі жайлы етуді жалғастыруда.

Рейстер кестесінің өзгеруіне байланысты осы уақытта жолаушылар ағыны 2 есеге ұлғаяды. Сондай-ақ, елорда әуежайы жолаушыларының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін ұшу алдындағы тексеру аймақтарын ұлғайтты. Бұл ретте ұшу алдындағы тексеруде шамадан тыс жолаушылар ағыны және вокзал маңындағы тұрақта көлік саны ұлғаюы мүмкін.

«Осыған байланысты әуежай әкімшілігі жолаушылардан рейстерді сәтті орындау мақсатында әуежайға 3-4 сағатқа ерте келуін сұрайды. Сонымен қатар, жабық тұраққа қарама-қарсы орналасқан 300 көлікке арналған әуежайдың тегін тұрағы бар екенін еске саламыз. Сондай-ақ, әуежай әкімшілігі ерекше қажеттіліктері бар жолаушылар үшін бірінші қатарда тегін арнайы тұрақ орындары және PRM агенттерінің қызметтері бар екенін хабарлайды», - деді әуежайдың баспасөз қызметі.