Әртүрлі

Астана қаласы мен үш облыста дауылды ескерту жарияланды

ТЖМ Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында және Астана қаласында ауа райының нашарлауы туралы ескертті, деп хабарлады Elorda.info.

-->

ТЖМ Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында және Астана қаласында ауа райының нашарлауы туралы ескертті, деп хабарлады Elorda.info.

Қазгидрометтің мәліметінше, ауа райы нашарлайды деп күтілуде. Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұраймыз. Ұзақ жол және алысқа жаяу жүруден бас тартыңыздар. Әсіресе түнде және дауылды ауа райында сақ болыңыздар. Қатты жел болған жағдайда жақын жердегі ғимаратты немесе табиғи жабындыны паналаңыздар. Ағаштардан, аспалы конструкциялардан, электр желілерден және бильбордтардан аулақ болыңыздар. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, - деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.