«Астана айналма жолы» автожолының учаскесінде жөндеу жұмыстары басталды
Р-10 «Астана айналма жолы» автожолының учаскесінде жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 мамырға дейін Р-10 «Астана айналма жолы» автомобиль жолының 46-53 шақырымы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
-->25 мамырға дейін Р-10 «Астана айналма жолы» автомобиль жолының 46-53 шақырымы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
«Бұл учаскеде жол қозғалысына ішінара шектеу қойылады. Соған байланысты айналма жолдар арқылы қозғалысты алдын ала жоспарлау қажет», - делінген хабарламада.