Ас үйде май немесе майлы тағам тұтанып кетсе не істеу керек
Ас үйдегі өрт – өте жиі кездесетін жағдай. Бірнеше секундтық абыржу денсаулыққа да, үйге де зиян келтіруі мүмкін. Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сондықтан мына жайттарды есте сақтаңыз:
- Су құймаңыз! Май мен су бірікпейді – жалын одан әрі күшейеді.
- Жанып жатқан табаны сыртқа шығармаңыз – күйіп қалуыңыз және оттың таралуы мүмкін.
ДҰРЫС ӘРЕКЕТ
- Плитаны сөндіріңіз. Қызуды тоқтатыңыз;
- Табаны қақпақпен немесе табақпен жабыңыз. От оттегісіз өшеді;
- Сулы, бірақ жақсылап сығылған сүлгіні қолданыңыз. Онымен жалынды абайлап жабыңыз;
- Егер майлы өртке арналған F класты өрт сөндіргіш бар болса – қолданыңыз;
- Өрт күшейсе – дереу эвакуация жасап, 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Пайдалы кеңес
Ас үйде міндетті түрде өрт сөндіргіш немесе өртке қарсы жамылғы ұстаңыз – бұл өмірді құтқаруы мүмкін.