«Қаржы жоқ деген сылтау деп ойлаймын»: Ринат Зайытов ең төменгі жалақығы қатысты айтты
Бүгін Мәжіліс отырысында «Дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төмен жалақыны белгілеу туралы конвенцияны (131-конвенция) ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов еліміздегі ең төменгі жалақынын халықаралық деңгейде білгілеуге қатысты сұрақ қойды.
«Халықаралық конвенцияның есептеу әдістемесімен танысып шықтым. Ондағы бес әдістемеде ең төменгі жалақы кемінде 90 мың мен 101 мың теңгенінің арасында шығып тұр. Ал Халықаралық еңбек ұйымының ұсынысы бойынша бізде 158 мың теңге болу керек. Бірақ бізге жеткен ақпарат бойынша, бес әдістеменің біреуін де өсіруге Қаржы министрлігі «қаржы жоқ» деп жауап беріп отыр екен. Халықтың әлеуметтік жағдайын төмендетпеу жайында Мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Сондықтан «қаржы жоқ» деген тек қана жалған сылтау деп ойлаймын. Сондықтан осы конвенцияға сай 5 әдістеменің біреуіне ең төменгі жалақыны қай уақытта және қанша мерзімде қосасыздар?»,- деді Ринат Зайытов.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ең төменгі жалақыға қатысты нақты айту ерте екенін жеткізді.
«Негізі есептер жүргізілді. Қаржы министрлігі өздерінің ұсыныстарын берді. Ең төменгі жалақы өскеннен кейін разрядаралық коэффициент те өседі. Онымен бюджетке төленетін төлемдер, қаржы да бөлек есептеледі. Оның бәрін қосқанда қосымша төлемдер 47-48 млрд шығып тұр Негізі ол қаржылардың мақсаты басқа. Сондықтан қазіргі уақытта ол туралы айтуға ерте, мен ертең болады деп уәде бере алмаймын»,- деді Светлана Жақыпова.