Әртүрлі

Қаржы пирамидасын құрған қазақстандық Грузияда ұсталды

Бас прокуратураның үйлестіруімен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерімен Грузия аумағында 2020 жылдың наурыз айынан іздеуде жүрген күдікті Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Elorda info Бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлады. 

Ол қаржы пирамидасын құрған және оған басшылық жасады деп айыпталуда. Жәбірленушілерге келтірілген шығын 3,6 млрд теңге. 

-->

Ол қаржы пирамидасын құрған және оған басшылық жасады деп айыпталуда. Жәбірленушілерге келтірілген шығын 3,6 млрд теңге. 

«Қылмыстық іс бойынша 600-ден астам жәбірленуші бар. Қазіргі уақытта оны экстрадициялау мәселесі шешілуде», - деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі.