Арыстанбек Мұхамедиұлының соты қашан өтетіні белгілі болды
Арыстанбек Мұхамедиұлы мен өзге де тұлғаларға қатысты іс Астана қаласының Байқоңыр аудандық сотына түсті. Ашық сот 2023 жылғы 17 сәуір күніне белгіленген, деп хабарлады Elorda.info қалалық сотқа cілтеме жасап.
-->Арыстанбек Мұхамедиұлы мен өзге де тұлғаларға қатысты іс Астана қаласының Байқоңыр аудандық сотына түсті. Ашық сот 2023 жылғы 17 сәуір күніне белгіленген, деп хабарлады Elorda.info қалалық сотқа cілтеме жасап.
Байқоңыр аудандық №2 соты бюджет қаражатын талан-таражға салу айыбы тағылған А. Мұхамедиұлы, А. Нұразхан, А. Көшенов және А. Садуақасованы айыптау бойынша қылмыстық істі өндіріске алды. Аталған қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы ашық сот отырысында 2023 жылғы 17 сәуір күні сағат 10:00-ге белгіленген, - деп жазылған Астана қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.