Арыста 3 адам кәріз құдығына түсіп, қаза тапты
Арыс қаласындағы әскери бөлімде үш адам кәріз құдығына түсіп, тұншығып өлді. Сасық иіске уланған тағы екеуі ауруханада жатыр. Бұл туралы Elorda.info КТК арнасына сілтеме жасап хабарлады.
Мерт болғандардың бірі келісім шарт негізінде жұмыс істеп жүрген әскери қызметкер болса екі адам шеттен шақырылған жұмысшылар екен.
Оқыс жағдай кәріз құдығын тазалаймын деп құлап кеткен Шымкент аудандық пайдалану бөлімінің жұмысшысын құтқару кезінде болған. Екі жұмысшы мен қос сарбаз шұңқырға құлаған адамды шығарып алмақшы болыпты. Бірақ, улы газ жиналған құдықта тұншығып, үшеуі сол жерде көз жұмған. Ал, уланған тағы екі науқасты дереу ауруханаға жеткізіпті.
Дәрігерлер олардың жағдайы ауыр болғанымен тұрақты деп отыр. Әскери бөлімдегі оқыс жағдайдың жай-жапсары әлі де анықталып жатыр. Аталған жайт бойынша әскери тергеу басқармасы «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» дерегімен қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады.
-->Мерт болғандардың бірі келісім шарт негізінде жұмыс істеп жүрген әскери қызметкер болса екі адам шеттен шақырылған жұмысшылар екен.
Оқыс жағдай кәріз құдығын тазалаймын деп құлап кеткен Шымкент аудандық пайдалану бөлімінің жұмысшысын құтқару кезінде болған. Екі жұмысшы мен қос сарбаз шұңқырға құлаған адамды шығарып алмақшы болыпты. Бірақ, улы газ жиналған құдықта тұншығып, үшеуі сол жерде көз жұмған. Ал, уланған тағы екі науқасты дереу ауруханаға жеткізіпті.
Дәрігерлер олардың жағдайы ауыр болғанымен тұрақты деп отыр. Әскери бөлімдегі оқыс жағдайдың жай-жапсары әлі де анықталып жатыр. Аталған жайт бойынша әскери тергеу басқармасы «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» дерегімен қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады.
«Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы күштердің жеке құрамы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Олардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетілетін болады», - деді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.