Қарулы күштерде отандық ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар сыналды
Қорғаныс министрлігінің ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды дайындау туралы сұрауына елдің қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің құрамына кіретін бірнеше қазақстандық компания жауап берді.
Бұл құрылғылардың ұшу-техникалық талаптарға сәйкестігін бағалау үшін комиссия тағайындалды. Оның құрамына ҚР Қарулы күштері Бас штабы мен Әуе қорғанысы күштерінің Ұшқышсыз басқарылатын авиация жүйелерін дамыту және оларды қолдану департаментінің офицерлері кірді.
Барлық ұшу техникасы заманауи бейнебақылау құралдарымен, датчиктермен, қашықтық өлшегіштермен және тепловизорлармен жабдықталған. Сарапшылардың назарына әртүрлі ұшу аппараттары көрсетілді. Құрылғылар арнайы резеңке жолақтың керілуімен көкке катапульта арқылы ұшты, орнынан тікұшақ сияқты тігінен көтеріліп, әуеде ұшақ сияқты қалықтады.
Отандық өндіруші компаниялар әскерилердің барлық талаптары мен сұраныстарын ескеруге тырысты. Елімізде өндірілген ұшқышсыз басқарылатын аппараттарды қару-жарақ құрамына қабылдау бюджет қаражатын едәуір үнемдеуге, оларды кейіннен күтіп ұстау және жаңғырту мәселелерін тез арада шешуге мүмкіндік береді.
Сынақ аяқталғаннан кейін комиссия мүшелері отандық ҰҰА әзірлеушілеріне ұсынылған құрылғылардың нұсқаларын пысықтау және толықтыру бойынша ұсыныстар берді.
-->

– Отандық өндірушілер ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды қысқа мерзімде жасады. Олардың жұмысының нәтижесін көрнекі түрде көріп, бағалай алдық. Әрине, әлі де пысықтайтын сұрақтар бар. Десек те, бастамасы жақсы, – деп атап өтті Қарулы күштер Бас штабы Ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелерді дамыту және оларды қолдану департаментінің офицері полковник Ержан Жақашев.
Отандық өндіруші компаниялар әскерилердің барлық талаптары мен сұраныстарын ескеруге тырысты. Елімізде өндірілген ұшқышсыз басқарылатын аппараттарды қару-жарақ құрамына қабылдау бюджет қаражатын едәуір үнемдеуге, оларды кейіннен күтіп ұстау және жаңғырту мәселелерін тез арада шешуге мүмкіндік береді.
– Біздің күндізгі және түнгі камералар өте тиімді, координаттарды анықтау функциясы, лазерлік қашықтық өлшегіш және оқ-дәрілерді тастау жүйесі де бар. Мұндай сипаттамалар артиллерияны нысанаға бағыттауға мүмкіндік береді. Бұны Қарулы күштердің мамандары жақсы бағалайды деп ойлаймын, – деді өндіруші өкіл Айбек Ахыш.