Әртүрлі

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған жігіт сотталды

Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының соты бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтірді деп айыпталған Нұрболат Дәкебаевқа қатысты қылмыстық істі қарады,  деп хабарлады Elordainfo.kz Жоғарғы сотқа сілтеме жасап. 

Сот Нұрболат Дәкебаевты кінәлі деп танып, 2 жылға бас бостандығынан айырды.

Одан бөлек, айыпталушы жәбірленушіге 2 млн теңге көлемінде моральдық залал, 12 160 теңгеге жәбірленушінің емін, тағы 700 мың теңгеге қосымша шығындарды өтеген.