Қарағандыда арнаулы қызмет көрсету орталығындағы заңсыздықтарға қатысты тергеу басталды
Қарағанды облысының прокуратурасы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тексеру жүргізіп, әрекетке қабілетсіз азаматтардың құқықтарының өрескел бұзылғанын анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қарағанды облысының прокуратурасының мәліметінше, қамқорлыққа алынғандардың зейнетақылары мен жәрдемақылары тиімсіз жұмсалған. Тауарлар нарықтық құнынан екі есе жоғары бағамен сатып алынған, сонымен қатар құны 70 миллион теңгеден асатын тағамдық қоспаларды негізсіз сатып алуға 15 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалған.
«Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 142-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ, Орталықтардың бірінде қамқоршылықтағы адамның жүктілігін заңсыз тоқтату фактісі анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, сараптамалар жүргізіліп жатыр», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.