Қарағанды облысында колледж директоры 16,7 млн теңгені жымқырған
Қарағанды облыстық прокуратурасы Шет агротехникалық колледжінде мемлекеттік сатып алулар кезінде заң бұзушылықтарға жол берілгенін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Колледж директоры қызметтік бабын пайдаланып, мемлекетке 16,9 миллион теңге көлемінде шығын келтірген.
Атап айтқанда, 2022 жылы «Шет агротехникалық колледжі» КММ мен ЖШС арасында блоктық қазандық жабдықтарын орнату туралы келісім бекітілген, осында директор сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу арқылы заңсыз қосымша келісімге қол қойған.
Бұл орнатылған қазандықтардың техникалық талаптарға сай келмеуіне және дұрыс жұмыс істемеуіне әкелген. Нәтижесінде бүгінгі күні ескі, тозған қазандықтар қолданылуда.
Бұл фактілер аудандық прокуратура СДТБТ-де Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша тіркеп, Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жолдады.