Әртүрлі

Қарағанды мен Мәскеу арасындағы пойыз қатынасы қайта жанданады

17 желтоқсаннан бастап «Қарағанды-Мәскеу» бағытындағы №83/84 халықаралық жолаушылар пойызы аптасына екі мәрте қатынайды. Қарағандыдан сейсенбі және сенбі күндері, ал Мәскеуден кері бағытта жұма және сейсенбі күндері жөнелтілуі жоспарланған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Пойыз Қарағанды, Астана, Көкшетау, Петропавл, Челябі, Уфа, Самара, Пенза және Мәскеу сияқты ірі қалаларда аялдайды.

Пойызда купе және плацкарт вагондары, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнайы орындар қарастырылған.

Билеттерді жөнелтуге 45 күн қалғанда bilet.railways.kz сайтынан немесе вокзалдардағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларынан сатып алуға болады. Тасымалдау ережелері, кесте және билет сатып алу туралы толық ақпаратты 1433 тегін нөміріне қоңырау шалу арқылы немесе @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram аккаунтынан білуге болады, - делінген «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ хабарламасында.