Әртүрлі

Қар құрсауында қалған жүргізушілерге көмек көрсетілді

Қостанай облысы Қарасу ауданы Новоселовка ауылынан 10 шақырым жерде бірнеше көлік қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Жедел келген құтқарушылар жолдың тазартылған учаскесіне 4 жеңіл автокөлікті сүйреп шығарды. Авариялық-құтқару операциясының нәтижесінде қар құрсауында қалған   8 адамға көмек көрсетілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

ТЖМ жүргізушілерге қозғалысты жоспарлау кезінде ауа-райы болжамын ескеруге кеңес береді.