Әртүрлі

Қар аралас жаңбыр жауады

Алдағы күндері жауын-шашын мен қар жаууы мүмкін, деп хабарлады Elorda.info Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Синоптиктердің болжамынша, батыс, солтүстік және орталықта біртіндеп жылыну күтіледі.

Өткен апта еліміздің солтүстік аймақтарында қыс мезгілі байқалған еді. Мұнда қар жауып, ауаның орташа тәуліктік температурасы нөлдік белгіден төмен болды.

Алайда мамандар жаңа аптада синоптикалық жағдайдың өзгеретінін айтты. Атлантикалық циклондар сериясы жылыну әкеліп, ауа температурасы көтерілгенімен, жауын-шашын, қар аралас жаңбыр күтіледі. Тек республиканың батысында жауын-шашынсыз болуы мүмкін деп болжанды. 

Күндізгі ауа температурасы батыста 12-20 градусқа дейін, солтүстікте және орталықта 5-10 градус жылыға дейін күтіледі. Ал еліміздің шығысы мен оңтүстігінде суық фронттың өтуімен түнде 0-5 градусқа дейін, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 2-7 градусқа дейін аяз күтіледі. Күндіз 10-15 градус таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 0-5 градусқа дейін күтіледі.

-->