Әртүрлі

«Аптасына бір рет тұсау кесемін»: Аймағамбетов өзіне көп ұсыныстар түсетінін айтты

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов журналист Әйгерім Есенәлінің «Шынайы» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Мен сайлаушыларымнан жақсы кері байланыс аламын. Жақсы ұсыныс аламын. Бұл - менің сайлаушыларыммен, Қазақстан азаматтарымен байланыс құралым. Өте көп ұсыныстар түседі. Тіпті, кей уақытта қарапайым ұсыныстар түседі. «Баламның тұсауын кесіп бер» деп жатады. Сондықтан аптасына бір рет пе, тұсауды да кесіп беремін», - деді ол.