Әртүрлі

«Қант жеткізіп беремін»: ШҚО тұрғындарын алдаған күдікті ұсталды

ШҚО-да жергілікті тұрғындарды қант жеткізіп беремін деп сан соқтырып кеткен күдікті қолға түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға ШҚО-ның 19 тұрғыны арызбен жүгінген. Оларға әйел адам қант жеткізіп беретінін айтып, қомақты ақша алып кеткен. Ол 30 млн теңгені қалтасына салғаннан кейін хабарсыз кеткен.

«Тәртіп сақшылары алаяқтық жасады деген күдікпен 31 жастағы әйелді ұстады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Сот күдіктіге үй қамағы түріндегі процесстік мәжбүрлеу шарасын қабылдады», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.