Әртүрлі

Ананың тілегі

Қазір Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның: «Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деген қанатты сөзін төрімізге үлкен әріптермен жазып, іліп қоятын кез. Ол халыққа ерекше әсер етеді. Қазақтың санасын отарсыздандыруға (деколонизация) бағытталған іс-шараларды батыл жүзеге асыруды жалғастыра берсек, біз, әрине, ұтамыз. 

Алаш арыстары ұсынған идея – Жапония секілді ұлттық демократиялық мемлекет құру. Оның негізі неде? Алаш идеясын ту етіп көтерген азаматтарды бес түрлі мақсат біріктірді. Олар: жер, жердің асты мен үстіндегі байлық қазақтың игілігіне жұмсалуы керек, қойдың үстінен қырқылған бір уыс жүн қазақтың үстіне тоқыма болып тоқылуы тиіс, тіл, дін және діл үстемдігі, ұлттық дәстүр мен тәуелсіз ғылымға негізделген, заңға сүйенген ұлттық демократиялық мемлекет құру. Осы мақсат-мұраттардың жолында олар ештеңеден аянған жоқ.

Ал арада 1 ғасырдан аса уақыт өтті. Біз жаңа заманда өмір сүріп жатырмыз. Бірақ... сол бір ғасыр бұрын Алаш арыстары аңсаған, армандаған, іске асырғысы келген қазақтың кейбір мәселелері әлі сол күйінде шешілмей тұр. Тұғырлы тәуелсіздігіміздің 30 жылдан астам уақытын артқа тастаған қазақ жұрты солардың толық шешілуін зарығып күтіп отыр. Бұл мәселелерді шешуге жұртымызға кім көшбасшы болады? Ол үшін не істеу керек? Осындай сауалдар бар қазақты алаңдатқан кезеңде ел билігінің тізгінін жаңаша ойлайтын, жаңа көшбасшы қолына алды. 

Әлемдік деңгейдегі есімі мәлім, күрескер Нельсон Манделаның: «Ұлт – биліктегілермен емес, қарапайым тұрғындарымен бағаланады» деген сөзі бар. Халық жоқ жерде, билік тұл. Демек, қандай да бір ұлт ұлы болуы үшін, ұзақ өмір сүруі үшін, туған халқының бақыты үшін жанын қия алатын перзенттері болғанда ғана сол ұлт шын бақытқа жетеді. Алтын құрсақ Қазақ Елі сондай ұлтын ұшпаққа шығаратын, шын бақытқа бастайтын перзенттерін әр заманда туғызып келе жатқанына ата тарихымыз куә. 

Қазір жаңарған, түрленген Қазақстанның тарихы жазылып жатыр. Сол тарихтың алғашқы парақтарында жаңа буынның көшбасшысы туралы айтылады. Жаңа буынның адамы қандай?  Бұл сауалға кез-келгеніміз сағаттап отырып, ой-пікір таластыруға дайынбыз. Сайып келгенде, әркімнің бойынан бір мін табамыз. Меніңше, жаңа буынның адамы – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев дер едім. Жаңаша ойлайды. Ақыл-парасаты жоғары. Заманауи технологияларды игерген. Бірнеше шетел тілдерін меңгерген. Білім-білігі толысқан. Тұлғалық деңгейге жеткен. Көшбасшылық қабілеті зор. Ең бастысы, өзінің туған ұлтын, елін шексіз сүйеді. Жаңа буынның өкіліне тән қасиеттер өне-бойынан табылады. 

Кеше ғана Ресейдегі алқалы жиында білімі толысқан, кәнігі саясаткер екенін дәлелдеп берді. Еуразиялық экономикалық одақтың Ресей, Беларусь сияқты алпауыттар үшін ғана тиімді болмауы қажеттігін астарлап, дипломатияның тілімен жеткізді. Ресей-Беларусь Одағының Қазақстанға қажеті жоғын айтты. «Беларусь президенті А. Лукашенконың қалжыңын лайықты бағаладым. Менің ойымша, Одаққа қажеттілік жоқ, өйткені өзге де интеграциялық құрылымдар, соның ішінде Еуразия экономика одағы бар. Ядролық қаруға келетін болсақ, бізге оның қажеті жоқ. Өйткені Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге және Ядролық сынаққа тыйым салу туралы келісімге қол қойғанбыз. Біз осы халықаралық құжаттар бойынша алған міндеттемелерімізге берік боп қала береміз» деді Мемлекет басшысы теріскейге барған сапарында. 

Жазушының баласы. Зиялының ұрпағы. Әкесі – Кемел Тоқаев күллі қазаққа аты мәшһүр жазушы, қазақ әдебиетінің дамуына өзіндік үлесін қосқан қабырғалы қаламгер. Маңдайына жазған тағдырдың сыйы шығар, Президент жастайынан кітапқұмар, көркем сөзге әуес болып өсті. «Әрбір перзент ата-анасын кие тұтады. Ол үшін әке-шешесі тұтынған кез-келген зат қастерлі. Маған да әкей жазған кітаптар соншалық бағалы әрі қымбат. Мезгіл сайын оларды қайталап оқимын. Сонда менің көз алдыма түннің бір уағына дейін үстел басында тапжылмай жазу жазып отыратын әкем елестейді. Оның шаршаңқы жүзін, ұсақ әріптер жеп, әбден қызарған көзін көргендей боламын» деп жазады Қасым-Жомарт Кемелұлы әкесі туралы естелігінде.         

Сайып келгенде, кітапқұмарлығынан болар, өз болашағын халықаралық журналистикамен байланыстырып, бозбала шағында бір ірі газеттің шетелдік тілшісі болуды армандаған екен. «Тағдыр менің жолымды басқа арнаға бұрғанымен, журналист болсам деген сол бір жастық арманым жүрегімнің құндағына бөленгендей, жазу үстеліне отырып, кітап, мақалалар мен сұхбаттар жазуға аңсарым ауып кететін сәттерді жиі бастан кешемін» деп еске алады кейінірек өзі. Әкесінің барлық шығармаларын қайталап оқығанынан шығар, кітаптардың қаһармандарына ұқсап, адамгершілігі зор, ұстамды, тумысынан зиялы, мінезі орнықты, жаны жомарт, үлкен жүректі азамат болып қалыптасты. 

Салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыпты жетік білетін жан. «Әке көрген – оқ жонар» дейді қазақ. Әкесінің тағдыр-талайынан жазушылықтың Жаратқанның сыйы екенін, сол сыйдың қадір-қасиетін біліп, күні-түні талмай еңбектенген адамның дегеніне жететінін көріп-өсті. Отанды сүю отбасынан басталатынын сәби кезінен санасына сіңірді. Қазақы тәрбие мен ұлттық құндылықтарды қарапайым өмірлік мысалдармен жас баланың өн-бойына ұялатты. Сол арқылы қарапайымдылық, ізгілік, адамгершілік, бауырмалдық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттер дарыды. 

Өзінің анасы туралы естелігінде мынадай жолдар бар: «Әке-шешемнің маған деген көңілінің ерекше болғанын мына бір оқиға айғақтайды. 60-шы жылдардың аяғында Алматыға СОКП ОК Бас хатшысы Леонид Брежнев келді. Жаздың жаймашуақ күні мен, әкем және анам үшеуміз Ленин даңғылында тұрдық. Даңғыл бойын милиция қоршааған – Үкіметтің автомашиналар кортежі тау жаққа өтуі тиіс еді. Ақыры МАИ-дың жол бастаушы автокөлігі көрінді, іле-шала Кеңес Одағының басшысы мінген «Чайка» жоғары жылдамдықпен ағызып өтті. Қала халқы үшін бұл үлкен оқиға – қас-қағым сәтке болса да баршаға құдайдай елестейтін Л. Брежневтің жүзін көріп қалды ғой. Машиналар көзден таса болған соң анам әкеме: «Мен осындай бақыт Жомартты да айналып өтпесін деп тілек тіледім» деді». 

Сөз қадірін білетін кісі. Содан шығар, шығармашылықпен айналысатын адамдарға деген құрметі ерекше. Қазақ тілінде басылатын газет-журналдарды үзбей оқитын оқырман. Онысын өзі үнемі қоғаммен ашық бөлісіп отырады. Бірде Твиттердегі жазбасында: «Ана тілі» газетінен тазы иттер туралы қызықты сұхбат-мақаланы оқып шықтым. Расымен де, тазы халқымыздың жеті қазынасының бірі. Сондықтан бұл асыл тұқымды итті жоғалтып алмауымыз керек. Үкімет пен қоғамдық ұйымдар бірлесіп, тиісті іс-шараларды қолға алуы қажет» деп жазды. Мемлекет басшысы қазақша газеттерді оқып қана қоймай, қоғаммен ой бөлісіп, өз ұстанымын жеткізіп отырады. 2019 жылдың 24-ші қаңтарында әлеуметтік желідегі бір жазбасында: «Айқын» газетінде көрнекті жазушы Смағұл Елубайдың америкалық ғалым С. Камеронның Ұлы далада болған ашаршылық туралы шыққан кітабы жөнінде өте мазмұнды мақаласы шықты. Жазушының ойларымен келісемін» деген пікірін білдірді. 

Ұлттық мүддеміздің, ұлттық құндылықтарымыздың қорғаушысы. Қазақ халқының өнері, мәдениеті, әдебиеті, спорты, тарихы туралы өзінің ойларын үнемі жариялап отырады. Қазақ қоғамындағы әрбір айтулы оқиғаға үн қоспай қалмайды. Бір мысал, 2019 жылы 17 қаңтарда браконьерлердің қолынан қаза тапқан қазақтың батыр ұлы Ерлан Нұрғалиев туралы Твиттердегі парақшасында ашық жазды. Себебі, бұл оқиға туралы менің алғашқы мақалам «Екі аяқты айуанмен арпалыс» деген тақырыппен «Астана ақшамы» газетінде жарияланған еді. Көп ұзамай Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Бүгін өте рухты, жігерлі жігіт Ерлан Нұрғалиевтің денесі жер қойнына тапсырылды. Ол ақбөкендерді қорғаймын деп, браконьерлермен болған айқаста асқан ерлік көрсетті. Ол Қазақстанның ұлттық құндылықтарын қорғау жолында көз жұмды. Иманды болсын. Қылмыскерлер мен олардың сыбайластары сотқа тартылуы тиіс. Қаһарман жігіттің ерлігі ұлықтауға лайықты» деп жазды. 

Әкені, үлкенді сыйлай білетін адам. «Әкем туралы толғаныс» атты ой-толғауында мынадай жолдар бар: «Әкей үшін Отан деген ұғым бәрінен жоғары тұратын», «Мен әкемді Тұлға, елін, жерін сүйіп өткен нағыз Азамат ретінде мәңгілік сыйлап өтемін», «Әке-шешеміздің ұлағаты шын мәнінде біздің кейінгі тағдыр жолымызды анықтап берді», «Ата-анамыздың бойымызға сіңірген ең биік қасиеттерін енді өз балаларымызға беруге тырысамыз». 

Тал бесіктен алған тәрбиесі өмірде нағыз Адам болып өсуге, Кісіліктің кредосын қалыптастыруына жол ашты. Жақсы әке өз ұлымен үлкен адамдай сырласты. Сол арқылы санасының көкжиегін кеңейтіп, рухани жағынан кемелді азамат болуына бағдар көрсетті. Бұл жөнінде өзі аталған естелік-шығармада: «Кешегісіз бүгін жоқ. Сондықтан да өткенге құрметпен қарауымыз керек. Өмір қаншалық өзгеріп, адам санасы сапалық тұрғыдан жаңғырды дегенмен, біздің өткеніміз – әкелеріміздің күш-жігерімен, ақыл-парасатымен жасалған рухани байлық, демек, оны мансұқтауға мүлде болмайды» деген пікірін жеткізді. 

Мемлекеттік тілге деген қамқорлығы бөлек тұлға. Өңір әкімдерімен өткізген жиында мемлекеттің үштілділік бағдарламасына қатысты: «Менің ұстанымым, біріншіден, қазақ тілі болуға тиіс. Одан кейін орыс тілі болуға тиіс. Бұлардың балаларымыз үшін маңызы зор. Тек содан кейін ғана ағылшын тілін оқыту керек» дегене ұстанымын шегелеп айтты. Әлихан Бөкейханша айтар болсақ, бұл да мемлекет басшысының өз ұлтына, жұртына мінезбен қызмет етуінің бір дәлелі. 

Сайып келгенде, мемлекет қазақша ойлауы керек. Сол кезде ғана ісіміз ілгері басып, айымыз оңынан туады. Өзінің жанына қазақы ойлайтын, ұлт руханияты мен мәдениетіне жаны ашитын адамдарды жинауының өзі ұлтқа шынайы қызмет етуді мұрат еткен адамның әрекеті. Байыптап көрсек, Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттың, елдің тұрмысын, тілін, мінез-құлығын жақсы біледі. Оған бір ғана дәлел келтірейін. Ел Президенті қызметін атқаруға кіріскен кезде бұрын халыққа кабинетінің не көлігінің терезесінен қарап келген ұлықтардан халықтың мұң-мүддесіне назар аударуды талап етті. Былайша айтқанда, билік пен бұқараның арасындағы алшақтықты жоюға қадам жасады. 

«Халықтың сұранысына жедел үн қатып, мәселені шұғыл шешуге ұмтылыс жасау маңызды. Бұл үшін әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істеу, жүргізіліп отырған саясатты жеріне жеткізе түсіндіру де өте қажет нәрсе» деп еді, аудан әкімдері мен құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері әлеуметтік желілерде өз парақшаларын ашып, ұялы телефондарының нөмірін (жеке нөмірі, WhatsApp) ашық жариялады. Бір қуанарлығы, ол барлық әкімдерге халыққа ашық қызмет көрсетуге қажетті барлық коммуникациялық құралдарды пайдалана білуге үндеп, Инстаграм мен Фейсбук-тен өзінің ресми парақшаларын ашты. Бұл – өз ұлтын, халқын сүйетін, мемлекетшіл қайраткердің қолынан ғана келетін іс. 

Сайлаудағы өзінің бағдарламасында Президент: «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген формуламен өмір сүреміз. Жаңа әділетті Қазақстанды құру үшін біз жаңа мемлекеттік саясатқа көшеміз» деді, сол сөзін іс жүзінде дәлелдеді. Сөзіміздің тоқ етеріне келсек, алмағайып заманда Қазақстан мемлекетінің көшін бастай алатын, оны өркениеттің өркешіндегі елдердің қатарына қосатын лайықты көшбасшы, салиқалы саясаткер тарих сахнасына шықты. Ендеше, көшіміз көлікті болғай! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

Төлен ТІЛЕУБАЙ, журналист. 

-->