Әртүрлі

Алматыда вейп сақталған қойма жойылды

Алматыда тәртіп сақшылары электронды темекіні заңсыз сату дерегін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

«Алматыда 200 дана вейпті заңсыз сатқандар анықталды.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде екі адам анықталды және ұсталды, олардың біреуі тыйым салынған өнімдерді жеткізумен айналысқан, екіншісі қойма иесі.

Талғар ауданындағы қойманы тінту барысында 5 мыңға жуық электронды темекі тәркіленді», - делінген хабарламада.

Ұсталған қойма иесінің сөзінше, ол заңсыз баю мақсатында вейптерді сатумен айналысқан, ал қойманы өнімді уақытша сақтау үшін пайдаланған.

Темекі өнімдері, электронды тұтыну жүйелері (вейптер), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу шаралары жалғасуда.