Алматыда ветеринарлық қызмет директоры 3 жылға сотталды
Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты «Қалалық ветеринариялық қызмет» ШЖҚ директоры М. Жүнісовке және осы кәсіпорынның мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы Р. Жапарханға қатысты үкім шығарды, деп хабарлады Elorda.info.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, олар жануарлардың обасын анықтау үшін тест-жүйелерді нақты жеткізбестен сатып алуға арналған ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
-->Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, олар жануарлардың обасын анықтау үшін тест-жүйелерді нақты жеткізбестен сатып алуға арналған ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.