Алматыда стоматологиялардың бірінен 13 мың вейп табылды
Алматыдағы стоматологиялық емхана қоймасында 13 мыңға жуық вейп сақталған. Бұл туралы Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
«Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін бұрын сотты болған 32 жастағы ер адам ұсталды. Оның айтуынша, ол заңсыз баю мақсатында досының емханасында уақытша сақтау үшін қойма ұйымдастырып, тыйым салынған вейп құралдарын жасырын сатумен айналысқан. Қылмыстық істі Медеу аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр», – деді Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 20 маусымында Қазақстанда вейптерді сатуға тыйым салатын заң нормалары күшіне енді.