Әртүрлі

Алматыда адам ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Алматы қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы тұрғылықты жері жоқ адамдарды ұрлаумен және заңсыз бас бостандығынан айырумен айналысқан қылмыстық топ мүшелерін қолға түсірді, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдіктілер жәбірленушілерді алдап, оларға қайтарымсыз несие рәсімдеткен. Арнайы жалға алынған коттеджде қамауда ұсталған 29 адам анықталды. Оларға келтірілген шығын 200 млн теңгеден асады.

-->

Күдіктілер жәбірленушілерді алдап, оларға қайтарымсыз несие рәсімдеткен. Арнайы жалға алынған коттеджде қамауда ұсталған 29 адам анықталды. Оларға келтірілген шығын 200 млн теңгеден асады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі мен жинақталған дәлелдемелер жиынтығы бойынша күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны, оны басқарып, қатысқаны үшін екі қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық топтың барлық жеті мүшесі ұсталып, қамауға алынды. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа да ақпарат тергеу мүддесінде жариялануға жатпайды, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.