Әртүрлі

«Алматы-Қостанай» бағытына жаңа вагондар шығарылады

Қараша айынан бастап «Қостанай-Алматы» бағыты бойынша жаңа жолаушылар вагондары қатынайды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, тасымалдаушы «Түрксіб Астана» ЖШС 2024 жылғы 10 жолаушы вагонын сатып алған. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы штаб вагоны бар.

Вагондар ауа баптағыш жүйелерімен және биоәжетханалармен жабдықталған.

Бұл бағытта қатынайтын вагондар әбден ескірген және жолаушылар тарапынан шағым көп болатын.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 122 жаңа вагон әкелінді, жыл соңына дейін тағы 18-і жеткізіледі деп күтілуде.