Әртүрлі

Алматы облысында мектеп оқушыларына иіс тиіп, ауруханаға түсті

Алматы облысында оқу жылының аяқталғанын күтпей мектепте сырлау жұмысы жүріп жатқандығы оқушыларға кесірі тиді. Бояудың иісіне 5 бала уланып, 1 жеткіншек ауруханаға түсті. Бұл туралы  Elorda.info «Алматы» телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Мектеп бөлмелеріне сырлау жұмыстары жүргізілген. Соның кесірінен менің балам талып жатыр. Міне, №15 мектепте 7-сыныпта  оқитын менің ұлым жедел жәрдемде жатыр, - дейді ауруханаға түскен бір оқушының ата-анасы.

Оқиға Талғар ауданына қарасты Жалқамыс ауылында болған. Анықталғандай, білім ордасында табан асты еден сырлап, қабырға бояуды ауысып келгеніне 1 аптадай ғана болған директор тапсырған. «Кабинеттің тазалығын қаладым» деген ол иістің кетпей қалуын ауа-райының салқын болғанымен түсіндіргісі келді. 

Мектеп қызметкерлерінің айтуынша, сол күні 2 кабинет қана сырланған. Бірі - қабылдау бөлмесі, ал екіншісі - оқушылар сыныбы. Директор өз жоспарын аудандық білім бөліміне де, сонда оқитын балалардың ата-аналарына да хабарламапты. Бояу сіңбей жатып кабинетте сабақ та өткізілген.

Басы дауға қалған директордың айтуынша, мұнда 0-сынып балалары оқып келген. Бірақ қазір, шудан кейін, кабинет толық жабық тұр.

Білім ордасының қызметкерлері бір емес, бірнеше баланың уланғанын мойындағысы келмейді. Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басы айналған 5 оқушыға да «Бояу иісінен улану» диагнозы қойылғанын растады.

Иістенген 5 бала да үйіне жіберілді. Шу шыққан білім ордасында сабақтар өтіп жатыр. Мектеп директорының ісіне қатысты тексеріс тобы құрылды.

Ішкі тексеріс жүргізуге келген маманның айтуынша, жоспардан тыс сырлау-әктеу жұмыстарына қаржы қайдан алынғаны да анықталады. Ал директор  жұмыстардың демеушілердің көмегімен іске асқанын айтып отыр. Мәлім болғандай, Жалқамыстағы жалғыз мектепте орын да тапшы. 300 балаға арналған білім мекемесінде 900-ге жуық оқушы дәріс алады.

-->

Жұма күні жұмыс аяқталғаннан кейін, балалар тараған соң, жуып-тазалап, ақтап, боядық. Сол күні ауа райы аздап салқын болды. Біздің есебімізше, күн ыстық болса тез кеуіп кетер еді. Күн салқын болған соң, бояу баяу кеппеді, - деді Жалқамыс ауылы №15 жалпы білім беретін орта мектептің директоры Гүлназ Әліғожаева.

Мектеп қызметкерлерінің айтуынша, сол күні 2 кабинет қана сырланған. Бірі - қабылдау бөлмесі, ал екіншісі - оқушылар сыныбы. Директор өз жоспарын аудандық білім бөліміне де, сонда оқитын балалардың ата-аналарына да хабарламапты. Бояу сіңбей жатып кабинетте сабақ та өткізілген.

Басы дауға қалған директордың айтуынша, мұнда 0-сынып балалары оқып келген. Бірақ қазір, шудан кейін, кабинет толық жабық тұр.

Білім ордасының қызметкерлері бір емес, бірнеше баланың уланғанын мойындағысы келмейді. Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басы айналған 5 оқушыға да «Бояу иісінен улану» диагнозы қойылғанын растады.

Жалқамыс дәрігерлік амбулаториясына №15 орта мектепте оқитын 5 оқушы жүрек айнуы, бас ауруы және бас айналуы туралы шағымдармен түсті. Диагноз: бояу иісінен улану, - дейді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Ләйлім Әубәкірова.

Иістенген 5 бала да үйіне жіберілді. Шу шыққан білім ордасында сабақтар өтіп жатыр. Мектеп директорының ісіне қатысты тексеріс тобы құрылды.

Директорды ақтап жатқан жоқпыз. Ісі дұрыс болмаған соң келіп отырмыз. Ол кісіден түсініктеме аламыз, алып та қойдық. Одан кейін мұғалімдерден не себепті сырлау жүргізілгенін, неге осылай болғанын анықтаған соң сіздерге толық ақпарат береміз, - деді Талғар аудандық Білім бөлімінің әдіскері Нұрлан Үкібасов.