Әртүрлі

Алматы облысында білім бөлімінің басшысы 680 млн теңге жымқырған

Білім бөлімінің басшысы мектепте жұмыс істемейтін адамдарға жалақы аудару арқылы 680 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Сонымен қатар, ол лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалана отырып, өзінің жүргізушісін мектеп-гимназияға кәсіби бағдаршы лауазымына жалған жұмысқа орналастырып, оған 4.9 млн теңге заңсыз жалақы төлеген.

-->

«Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деді агенттіктің баспасөз қызметі.