Әртүрлі

Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкін

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өңір тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарында көшкін қаупі бар 55 учаске анықталған.

Алматы облысының тауларында 7 сәуір мен 13 сәуір аралығында көшкін қаупі сақталады. ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауды сұрайды, - делінген хабарламада.