Әртүрлі

Алматы қалалық емханасының бухгалтерлері сотталды

Алматы қаласы Медеу ауданының соты қалалық емхананың бухгалтерлері К. Хангиреева мен А. Туғанбаеваға үкім шығарды. Бұл туралы Elorda.info Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Олар ауруханада іс жүзінде жұмыс істемейтін адамдарға жалақыны және басқа да төлемдерді заңсыз аудару арқылы 341 млн теңгеден астам сомада бюджет қаражатын жымқырған.

Сот үкімімен бас бухгалтер Хангирееваға 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды.  Оның қарамағындағы қызметкер Туғанбаева 7 жылға сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

-->